«AGRO BUSINESS TV» телеарнасы 2016 жылдан бері эфирде және цифрлық форматта хабар таратады. 2019 жылғы 4 ақпаннан бастап «OTAU TV» республикалық спутниктік телехабар тарату желісі арқылы (21-арна) көрсетіледі. Қазақстан Республикасының аумағын 100% қамтиды. Орта Азия республикаларымен — Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен ҚХР-мен бірлескен ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда. Телеарна контенті YouTube, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ agrobusinesstv.kz сайтында жарияланады.
Телеарнаның болжамды көрермендер аудиториясы 12 млн адамды құрайды. Трансляция мен жаңалықтар екі тілде — мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
«AGRO BUSINESS TV» телеарнасының басты мақсаты — ауыл шаруашылығы мен ауылды дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың жүргізушісі болу, ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін және аграрлық сектор экономикасы мен шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу.
Осыған сәйкес телеарна келесі міндеттерді жүзеге асырады:
-
мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, агробизнес пен кәсіпкерлікті жүргізу бойынша кең ауқымды мәселелерді жариялау;
-
аграрлық нарық қатысушыларының салалық мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы ақпараттану деңгейін арттыру;
-
ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласында басқарушылық және шаруашылық шешімдер қабылдау үшін аналитикалық ақпаратпен қамтамасыз ету;
-
агроөнеркәсіптік кешендер мен шағын және орта бизнеске ақпараттық-кеңестік қолдау көрсету;
-
ауыл шаруашылығы бизнесінің имиджін арттыру, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің және экономиканың артықшылықтары туралы ақпараттандыру;
-
кәсіпкерлердің тауарлары мен қызметтерін жарнамалау арқылы бизнесті қолдау;
-
отандық және шетелдік фильмдерді көрсету;
-
жарнамалық роликтерді, деректі фильмдер мен сериалдарды өндіру.
Телеарна өнімдері ауыл тұрғындарына ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен кәсіпкерлік саласындағы дағдылар мен әдістерді барынша жедел меңгеруге мүмкіндік береді.
