16 апреля, 2026
agrobusinesstv.kz
Агросектор жаңалықтары Өсімдік шаруашылығы Соңғы жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ АРУЛАРДЫ КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мемлекет басшысы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Президент салтанатты іс-шараға жиналған барша қауымды көктем мерекесімен шын жүректен құттықтап, әлемге сүйіспеншілікпен қарайтын, жан-жағына жақсылық шарапатын сыйлап жүретін әйелдер қауымына жылы лебізін жеткізді.

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысы халқымызда ерлік пен елдіктің туын биік ұстаған арулар аз емес екенін алға тартып, олардың есімі ел шежіресіне алтын әріппен жазылғанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, аналары алаңсыз қоғамда балалар да бақытты өмір сүреді. Бұл ретте Президент елімізде әйелдердің құқығын қорғау, оларды қолдау бағытында жүргізіліп жатқан игі істерге айрықша тоқталды. Президент қазір әйелдер түрлі салада табысты еңбек етіп жүргенін атап өтті. Осы орайда Президент биыл елімізде «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланып, білікті мамандардың мәртебесін көтеру үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанына назар аударды. Салтанатты жиында Мемлекет басшысы еліміздің дамуына елеулі еңбек сіңірген, өз саласында жоғары жетістікке жеткен бір топ әйел азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады.

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙДЫ ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУ ДЕРЕГІМЕН 140 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛІП, 11 ТОННАДАН АСТАМ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ ТӘРКІЛЕНДІ

Agro

АЙТБЕКҚЫЗЫ «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ» ҚОҒАМДЫҚ  БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ  

Agro

БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ

Agro