23 февраля, 2026
agrobusinesstv.kz
Агробизнес және кәсіпкерлік Агросектор жаңалықтары

БІРҚАТАР МЕМОРАНДУМДАРҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯНЫ ТЕЖЕУ БАҒЫТЫНДА НАҚТЫ ҚАДАМ ЖАСАЛДЫ. ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІК ПЕН ЖЕТЕКШІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҰЙЫМДАР АРАСЫНДА БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА МЕМОРАНДУМДАРҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ. БҰЛ БАСТАМА АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТІП, ХАЛЫҚҚА САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНАМЕН ҚАМТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН.

Меморандумға қол қойғандар қатарында «№14 Емдеу орталығы», «Ай-Нұры», «Otau Med», «Атамекен» сынды медициналық мекемелер мен «КАМЕЯ Pharm Group», «ЗЕРДЕ-ФАРМА», «МУРАТ-ФАРМ» сияқты фармацевтикалық компаниялар бар.Бұл келісімдер арқылы дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың бағасы реттеліп, әлеуметтік әл-ауқатты арттыру көзделіп отыр.  Басты мақсат — ақылы медициналық қызметтердің, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағасын төмендету, баға қалыптастыру жүйесін ашық ету және тұрғындар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.

Айта кету керек, тараптардың өзара міндеттемелері тек баға тәртібі мен қызмет сапасын сақтап қана қоймай, сонымен қатар медициналық ұйымдар арасында адал бәсекелестікті дамытып, азаматтардың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді. Бұған дейін де қала әкімдігі 100-ден астам кәсіпкерлік субъектісімен азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөнінде келісімдер жасаған болатын. Жаңа меморандумдар – сол жүйелі жұмыстың жалғасы болып отыр

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНАСЫ: 2024 ЖЫЛЫ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР ОРЫН АЛДЫ

Agro

НҰРДӘУЛЕТ ҚИЛЫБАЙ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРҒАН ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Agro

Agro