23 февраля, 2026
agrobusinesstv.kz
Агробизнес және кәсіпкерлік Агросектор жаңалықтары Әлем жаңалықтары Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі

ШЕТЕЛ БОЯУЫНДАҒЫ ШЫМҚАЛА

ШЕТЕЛ БОЯУЫНДАҒЫ ШЫМҚАЛА

ДИКТОР: Шаһарда арнайы қала күніне орай  А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада «Шымкент – Қызғалдақтар қаласы» атты халықаралық суретшілер симпозиумының жабылу  салтанаты өтті.

КСМ: Осыдан бірер күн бұрын қала күніне орай бастау алған, халықаралық симпозиумы да өз мәресіне келіп жетті.Бұл симпозиум – өнерсүйер қауым үшін рухани серпіліс, шабыт көзі, мәдени құндылықтарды жаңа қырынан танудың таптырмас мүмкіндігі болды. Үш күн бойы шет елден және республикамыздың әр өңірінен келген қылқалам шеберлері қаламыздың көрікті жерлерінің келбетін қағаз бетіне бейнелеп шықты. Майлы бояумен салынған әсем туындылар көрмеге ұсынылды.

СНХ: С0004 / АБДУМУТАЛИП МУСТАФАҰЛЫ / ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ / 00:21-00:54++01:25-01:58///

КСМ: Айта кетейік, туындылар көрмеге ұсынылуымен қатар, симпозиум ережесіне сәйкес, суретшілер Шымкентке келіп, салған туындыларынан бөлек өздерімен бірге екі картинаны қорымызға тарту ету қажет болған. Сонда симпозиум барысында бір қылқалам шебері үш туындыларын ұсынып, нәтижесінде біздің қорымызда 48 картина қалып отыр. Шеберлер ұсынған суреттер бір айға жуық уақыт тұрады.

СНХ: С0048 / БЕЙБІТ НАРЫНБЕКҰЛЫ / ТҮРКІСТАН ОБЫЛЫСЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ / 00:17-01:06+++01:17-01:46 ///

КСМ: Аталған іс-шараға Зиялы қауым, ақын-жазушылар, Журналисттер, Суретшілер, «Қасым» баспасынан, «Отбасы Хрестоматиясы» баспасынан, кітапхана қызметкерлері, жалпы айтқанда 100-ден аса қонақ болды. Көрмеде ұсынылған туындылар ұлттық мәдени қорды байытып қана қоймай, қала имиджін де қалыптастыруға үлес қосады. Әкімдік тарапынан Алғыс хат және халықаралық симпозиумға қатысқандары үшін әр бір суретшіге 300мың теңге ақшалай сыйақы және сертификат табысталды. Шаһарды әлемге «Қызғалдақтар қаласы» ретінде танытуға мүмкіндік береді. Шымкент осылайша өнер мен мәдениеттің жаңа тынысын ашты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ

Agro

ПРЕЗИДЕНТ АРУЛАРДЫ КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Agro

«САЙЛАУ -ЕЛ ЕРТЕҢІНЕ ЖАУАПТЫ ҚАДАМ»

Agro