АҚШ-тың Техас штатындағы алапат тасқыннан қаза тапқандар саны 109 адамға жетті. Қаралы хабарды аймақ басшысы Грег Эбботт жариялаған. Ол табиғи апаттан зардап шеккен өңірді тікұшақпен қарап шықты. Губернатордың айтуынша, құрбандардың көбі балалар. 94 мәйіт Керр округінен табылды.
Тағы 161 америкалық із-түзсіз жоғалып кеткен. Құтқару-іздеу операциясы, қирандыларды тазалау және қалпына келтіру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Мексика мен көршілес штаттардан құтқарушылар көмекке келді.
