23 февраля, 2026
agrobusinesstv.kz
Мал шаруашылығы

СОТ ПЕН БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСТІ

Сот саласы бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді. Бұл Мемлекет басшысы атап өткендей сот ашықтығы мен сотқа деген қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қажетті шарт. Бүгінгі күні Шымкент қалалық соты да төртінші билік өкілдерімен тығыз қарым қатынаста жұмыс жасап келеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада сот қызметі мен оның маңыздылығы талқыланды. Журналистердің басын қосқан іс-шарада құқық қорғау саласының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен байланысы да айтылды. Қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін табуда, азаматтардың қажеттілігін өтеу барысында бұл сала мамандарының қызметі маңызды.

Бүгінгі таңда екіжақты байланыстың нығая түсуінің арқасында тұрғындар арасында сот қызметіне жүгінетіндер саны артқан. Бұл туралы мамандар статистикалық дәйектер арқылы жеткізді. Айта кетейік тараптар келісім берген процестерге тілшілер еркін қатысып, сот отырысын толық жазып, көпшілікке ұсына алады. Журналистердің халыққа ұсынған ақпараты шындыққа сай, мәліметке бай, жалған дереткерден ада болуы үшін сот саласының қызметкерлері қолда бар ақпаратпен бөлісіп, заңға түсініктеме беруге әрқашан дайын.

Іс-шара барысында соттың ашықтығы мен  қолжетімділігін одан әрі арттыру  үшін БАҚ-пен байланысы маңызды екенін айтты. Сол үшін де БАҚ пен  сот жүйесі арасындағы байланысты жақсарту мәселесі  күн тәртібінен түспейтіндігі талқыланды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Agro

Үйсіз ғана емес, үмітсіз де қалдық.

Agro

БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ

Agro