16 апреля, 2026
agrobusinesstv.kz
Агросектор жаңалықтары Әлем жаңалықтары

 ІРІ КӨЛЕМДЕ ЕСІРТКІ САҚТАҒАН ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ

 ІРІ КӨЛЕМДЕ ЕСІРТКІ САҚТАҒАН ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ

 

ДИКТОР: Жамбыл облысында полицейлер республикалық «Қарасора» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Сэм атты қызметтік иттің көмегімен 3 келіден астам кептірілген марихуананы сақтау дерегін анықтады.

НАЛО: Күдікті-Сарысу ауданының 33 жастағы тұрғыны. Ер адамды полиция қызметкерлері «Аса – Тараз» автожолында Volkswagen Passat көлігімен үйіне қайтып бара жатқан кезінде тоқтатқан.Алдын ала мәлімет бойынша, ол бұған дейін арнайы дайындалған жасырын орнынан есірткі салынған түйіншектерді алып кеткен.Есірткі заты көлік ішінен табылды.Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі заттарын ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ДӘРІХАНАЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ БАҒАСЫН ЗАҢСЫЗ ҚЫМБАТТАТЫП ОТЫР

Agro

ШЫМКЕНТТІ КӨГАЛДАНДЫРУ: ҚАЛАНЫ ЖАСЫЛ АЙМАҚҚА АЙНАЛДЫРУ ЖОБАЛАРЫ

Agro

Қазақстандағы жастар саясаты: жұмыспен қамту, тұрғын үй және қызметте өсу

Agro